Accessibility links

Түркімен билігі "қарны шыққандарды" қызметтен айырмақ. Аймақтағы өзге елдердің тәжірибесі қандай?


Түркіменстанда алдымен полиция, одан кейін мәдениет қызметкерлері арықтау жөнінде бұйрық алған.
Түркіменстанда алдымен полиция, одан кейін мәдениет қызметкерлері арықтау жөнінде бұйрық алған.

Түрікменстан мәдениет қызметкерлеріне 27 қыркүйекте атап өтілетін Тәуелсіздік күніне дейін өздерін ретке келтіріп, артық салмақтан арылуға бұйрық берілді. Бұл бұйрықты елемегендер сахнаға шығу және теледидар түсірілімдеріне қатысу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметкерлерге тән талабын қою тәжірибесі Орталық Азияның өзге елдерінде де кездеседі.

"Қарны шыққандармен" күрес

Түркіменстанда Түркіменбасы Сапармұрат атындағы мемлекеттік драма театрының актерлеріне, Балқан уәлаятының мәдени орталықтары қызметкерлеріне және танымал әншілерге артық салмақтан дереу арылу жөнінде ауызша ескерту берілген. Бұл ескерту талқылауға жатпайтын бұйрық сияқты қабылданған.

"Артық салмағы бар мәдениет қызметкерлеріне 27 қыркүйектегі Тәуелсіздік күніне дейін арықтауды және қарнын кетіруді талап бұйырды. Басшылық қатаң түрде ескертті: егер арықтамаса, мәдениет саласынан аластатылады" деді Азаттықтың Түркімен қызметі (Азатлық радиосы) сөйлескен дереккөз. "Салмағын реттемегендер сахнаға жіберілмейді".

Бұл талап еңбек сіңірген әртістер мен халық әртістеріне де қойылған дейді дереккөз. Оларға да арықтауды бұйырған. Әйтпесе, сахнада және теледидарда өнер көрсете алмайды.

Түркіменстанда "артық салмағы бар" мәдениет қызметкерлері артық салмақтан айырылмаса, қызметінен айырылмақ.
Түркіменстанда "артық салмағы бар" мәдениет қызметкерлері артық салмақтан айырылмаса, қызметінен айырылмақ.

Аты-жөнін айтқысы келмеген мәдениет саласының қызметкері Азаттыққа берген сұхбатында артық салмағы бар әріптестерінің түрлі салтанатты шараларға қатысу мәселесі бұрын да көтерілгенін айтты. Оның сөзінше, — бұл бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедов пен қазіргі президент, оның ұлы Сердар Бердімұхамедов қолдайтын саламатты өмір салтын, спорт пен дұрыс тамақтануды насихаттаудан туған талап.

Азаттық дереккөзінің мәлімдеуінше, төрт жыл бұрын Түрікменстанның мәдениет министрі Атагелді Шамурадов кейбір көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінің семіздікпен ауыратыны үшін сөгіс алған. Ресми ақпарат бойынша, 2021 жылы Шамурадовқа «қызметтік міндеттерін өрескел бұзғаны үшін» тәртіптік жаза қолданылған, бірақ оның нені бұзғаны еш жерде көрсетілмеген.

Не артық салмақтан, не жұмыстан айырыласың: Орталық Азиядағы өзге тәжірибе

Орталық Азия елдерінде мемлекеттік органдар немесе бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің артық салмағына «қарсы күрес» науқандары бұрын да жүргізілген. Бірақ олар негізінен физикалық дайындыққа қатысты арнайы талаптар қойылатын полиция қызметкерлеріне қатысты болған.

2019 жылы Түркіменстанда полиция қызметкерлеріне не арықтайсың, не жұмыстан кетесің деген. Артық салмағы бар полицейлер спортпен шұғылданып, жүгіре бастады.

В 2019 году в Туркменистане утвердили правило, по которому вес сотрудника полиции не должен превышать 100 килограммов 2019 жылы Түркіменстан билігі полиция қызметкерінің салмағы 100 келіден аспауы керек деген ереже бекітті.
В 2019 году в Туркменистане утвердили правило, по которому вес сотрудника полиции не должен превышать 100 килограммов 2019 жылы Түркіменстан билігі полиция қызметкерінің салмағы 100 келіден аспауы керек деген ереже бекітті.

Мұндай қадамға Өзбекстан да барған. Президент Шавкат Мирзияев 2019 жылғы мәлімдемесінде елге "артық салмағы бар офицерлер керек емес" деді.

"Қылмыскерді ол қалай ұстайды?" деп мәселені төтесінен қойды Мирзияев. Сөйтті де, күш құрылымдарына үш айдан алты айға дейін уақыт берді. Олар сол арада талапты орындап үлгеруі керек.

Содан бір жыл бұрын Мирзияев денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесте Өзбекстан халқының жартысы "қозғалыстың аздығынан және дұрыс тамақтанбау салдарынан" артық салмақтан зардап шегетінін айтқан. Осыдан кейін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерден дереу арықтауды талап ете бастады, ал кейбір ұйымдарда қызметкерлерге салмағын қалыпқа келтіру бойынша нұсқаулықтар да таратылды.

Тәжікстанда мұндай науқан 2017 жылы жарияланған. Сол жылы ішкі істер министрлігі норматив белгіледі: бойы 168–170 сантиметр болатын (бойы одан төмен адамдар бұл қызметке қабылданбайды) полицейлердің салмағы 75 келіден аспауы керек. Ведомство жарты жыл ішінде салмақ тастай алмаған жиырмаға жуық полицей жұмысынан айырылғанын хабарлады. Тағы жүздеген полицей ресми ескерту алды.

Алайда, кейінірек министрлік жұмыстан босатылғандар ішінде салмақ тастай алғандардың бір бөлігі қызметіне оралғанын хабарлады.

2024 жылы Тәжікстанда артық салмағы бар деген 26 полицей қызметтен босатылған. Бірақ бір бөлігі арықтаған соң жұмысқа оралды.

Тәжікстан милиция қызметкерлері арасындағы "артық салмақпен" күресті 2017 жылы бастады.
Тәжікстан милиция қызметкерлері арасындағы "артық салмақпен" күресті 2017 жылы бастады.


Қазақстанда да артық салмағы бар полицейлерді құп көрмейді. Бірақ әдетте мұндай талап патруль полициясына және арнайы жасаққа қойылады. Олар тұрақты түрде медициналық тексеруден өтіп, оларға тамақтану және емделу жөнінде кеңес беріледі. Бұл туралы былтыр ішкі істер министрлігінің өкілі Шыңғыс Әлекешов айтқан.

"Бұл мәселе үнемі бақылауда" деді Әлекешев 2024 жылғы наурыздағы баспасөз мәслихатында. "Бірақ ішкі істер министрлігінде бірінші кезекте зияткерлік біліктілікті қажет ететін көптеген бағыт барын атап өткім келеді. Мысалы, ол жақсы айтишник немесе тергеуші болуы мүмкін. Ол жақта талап басқа, патруль полициясы мен арнайы жасақтарға қарағанда жұмсақтау".

Түркіменстанға оралсақ, ол жақта актерлер мен әншілер амалсыз диета ұстауға көшті. Олар Азаттыққа аноним түрде сұхбат беріп, сапалы азық алуға айлығы жетпейтінін айтты.

"Ақшаңыз тек нанға жетсе, қарныңыз шығады. Сиыр еті мен брокколидің бағасы жоғары, апельсиннің келісі 60 манат (бір доллар 3,5 манатқа тең – Ред.), көк алманың келісі 50 манат, жаттығу залына айлық абонемент 1000 манат тұрады. Осының бәріне 3000 манат жалақыны қалай жеткізуге болады?" дейді мәдениет қызметкерлерінің бірі. "Жалақым жаттығу залына жетпейді. Бізден әлемдік санаттағы дене бітімін талап етсе, онда соған сай жалақы төлеуі қажет".

Әлемнің көптеген елінде, тіпті Орталық Азияның өзінде де заң жүзінде дене бітімі бойынша, соның ішінде артық салмақ бойынша алалауға тыйым салынған. Бірақ іс жүзінде көптеген жерде жұмысқа аларда біліктілікпен қатар адамның дене бітіміне, келбетіне қарайды. Артық салмағы үшін алалау көп қоғамда сондай бір сөкеттік саналмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG