Алматы қаласы әкімдігінің дерегі бойынша, үш жарым мыңдай ауланы жөндеу қажет. Совет Одағы тұсында салынған үйлердің аулалары тар, балалар алаңдары мен тұрғындар демалатын орындар аз. Ал кейінгі жылдары тұрғызылған тұрғын үй кешендерінің ауласы біршама жақсы жабдықталған. Алматы, 23 тамыз 2013 жыл. (Фотогалерея авторы - Руслан Меделбек).
Алматы аулалары

1
2005 жылдан бері "Алматы аулалары" бағдарламасы бойынша жыл сайын жүздеген аула жөнделеді. Алайда, қараусыз қалғандары да аз емес.

2
Алматыдағы Совет Одағы тұсында салынған үйлердің аулаларын шөп басып, тұрғындар демалатын орындар ескірген. Алматы, 21 тамыз 2013 жыл.

3
Қаладағы аулалардың көбі автотұраққа айналған. Алматы, 21 тамыз 2013 жыл.

4
Алматы әкімдігі өкілдері тозған аулаларды жөндеуге қалалық бюджеттен тамыз айында бір жарым миллиард теңге қаржы бөлінгенін айтады. Жөндеу жұмыстарына он шақты құрылыс компаниясы қатысады. Алматы, 21 тамыз 2013 жыл.

5
Алматы тұрғындарының кейбірі аулаларын өздері жөндейді. Гагарин көшесіндегі көпқабатты үйлердің тұрғындары ақша жинап, балалар ойнайтын алаң мен орындықтарды сырлап алатындарын айтады. Алматы, 21 тамыз 2013 жыл.

6
Алматыда соңғы жылдары салынған тұрғын үй кешендерінің ауласы әжептәуір жақсы жабдықталған. Балалар алаңдары қоршалып, ойын құралдары орнатылған. Алматы, 21 тамыз 2013 жыл.

7
Алматыдағы жаңа үйлердің аулаларында қоршалған спорт алаңдары да бар.

8
Жаңа ықшам аудандағы аула. Алматы, 21 тамыз 2013 жыл.